29.02.2008, 14:24 968

Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық ұйымдары тасқын салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырады

Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық ұйымдары тасқын салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырады
Шымкент. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Халқының кіші шағын ассамблеясының мүшелері, ұлттық мәдениет орталықтарының, облыстық ардагерлер кеңесінің, тағы басқа бірақтар ұйымдардың мүшелері Қазақстан жұртшылығына Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын  салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеу қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
 

Қарқынды еріген қар мен нөсерлеп жауған жаңбыр облыстың Сарыағаш, Ордабасы және Арыс аудандарына айтарлықтай экономикалық шығындар әкелді: үйлер, мектептер, көпірлер, көлік коммуникациялары қирап, бір адам қаза тапты. Апат аймағында құтқару қызметтері, өртке қарсы қызметтер, техникалық көмек көрсету қызметтері, әскерилер мен полицейлер жұмыс істеуде. Синоптиктердің болжауынша Сырдария арнасынан асқанда су алу тағы да жалғаспақ. Өзен бойындағы елді-мекендерді су басу қаупі бар. Билік зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты шараларды қабылдауда, бірақ адамдардың қайғысын жеңілдету үшін дәл осындай маңызды сәтте сіздердің де көмектеріңіз қажет. Сіздердің барлықтарыңыз олардың жараларын жеңілтіп, баспана, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандар салуға көмектесулеріңіз керек",- деп айтылған үндеуде. 

 
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Ибішевтің ҚР индустрия және сауда министрі В. Школьникпен кездесуі барысында хабарлағандай, жұртшылықтан материалдық көмектер келіп жатыр: аудандарға жылы киімдер, азық-түліктер жеткізіліп, қаржылай да көмек көрсетілуде. Барлық түскен қаржыны аудан басшылары мен ТЖ жөніндегі штабтардың басшылары бөлуде. 
 
Демеушілік және қайырымдылық көмектер көрсетудегі тиімділік үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі арнайы есепшот ашты, оған көмек көрсетуге ниеттілер зардап шеккендер үшін қаржы аудара алады. 
     
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны