30.09.2016, 20:19 6569

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ мәдениет және өнер ошақтарыныӊ ұжымдары Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай 25 ауылға гастрольдік іссапармен шықты

2016 жылғы 30 қыркүйек күні әкімшілік-іскерлік орталығыныӊ алаӊында "Өнерім саған - ауылым" ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және "Кітапханалық керуен - 25 ауылға" жобасы аясында облыстық 8 кәсіби театр, филармония, "Оӊтүстік-Цирк", "Оӊтүстікфильм" мекемелері мен облыстық кітапханаларды сапарға шығарып салу салтанаты өтті.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ мәдениет және өнер ошақтаныӊ ұжымдары Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай 25 ауылға гастрольдік іссапарлармен шықты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұловтыӊ төрағалығымен 2016 жылғы 19 қыркүйекте өткен мәжілісте аудандар мен қалаларға, шалғайда орналасқан елді мекендердіӊ тұрғындарына мәдени қызмет көрсету мақсатында облыстық өнер мекемелерініӊ гастрольдік іссапарларын ұйымдастыруды тапсырған болатын",- делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, осыған орай, бүгін, яғни, 2016 жылғы 30 қыркүйек күні әкімшілік-іскерлік орталығыныӊ алаӊында "Өнерім саған - ауылым" ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және "Кітапханалық керуен - 25 ауылға" жобасы аясында облыстық 8 кәсіби театр, филармония, "Оӊтүстік-Цирк", "Оӊтүстікфильм" мекемелері мен облыстық кітапханаларды сапарға шығарып салу салтанаты өтті.

Бүгін "Өнерім саған - ауылым" гастрольдік сапарымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театры Түлкібас ауданыныӊ Машат ауылына, облыстық қуыршақ театры Сайрам ауданыныӊ Ынтымақ ауылына, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Сарыағаш ауданыныӊ Тегісшіл, Таскескен, Жартытөбе, Төӊкеріс, Қапланбек ауылдарына, Түркістан қаласыныӊ сазды-драма театры Кентау қаласына гастрольдік сапарларын бастап, "Кітапханалық керуен - 25 ауылға" автокеруені Сайрам ауданыныӊ Қарабұлақ ауылындағы кездесумен жалғасады. Ир мәдениет және өнер мекемесі облыстыӊ барлық аудандарындағы 25 ауылға тоқтап, әр аялдамада спектакльдер мен концерттік, цирктік бағдарламалар, кездесу кештерін өткізеді.

Икімдіктіӊ мәліметінше, аталмыш жоба Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаӊында, желтоқсан айында қорытындыланады.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімініӊ орынбасары Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы мен жазушы, драматург, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы мен "Парасат" орденініӊ иегері Мархабат Байғұт қатысып, ауыл-елмен жүздесуге аттанғалы тұрған өнер ұжымдарына ақ жол тіледі, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны