11.10.2006, 16:19 3376

Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелерінің басшылары кәсіби тұрғыда жарамдылық аттестациясынан өтеді

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелерінің басшылары кәсіби тұрғыда жарамдылық аттестациясынан өтеді. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелерінің басшылары кәсіби тұрғыда жарамдылық пен біліктілік аттестациясынан қараша айында өтеді",- деді министр.

Министрдің айтуынша, "Оңтүстік Қазақстан облысында қалыптасқан ахуалға әсер еткен бір себеп - медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің төмендігі болмақ. Ауырған балаларды емдеуді ұйымдастыруда дәрегерлер тарапынан өрескел қателіктер жіберілген".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жасқа дейінгі 76 баладан ВИЧ індеті анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны