21.09.2016, 11:01 4157

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкентте қала күніне орай "Шымкент аруы - 2016" ұлттық арулар байқауы өтті

Аталмыш байқау жеӊімпаздарына 165 мыӊ теӊге көлемінде жүлде қоры белгіленген. Сондай-ақ, сұлулар сайысыныӊ бас жүлдегері алда өтетін республикалық "Қазақстан аруы" байқауына жолдама алды.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкентте қала күніне арналған мерекелік шара аясында облыстық опера және балет театрында "Шымкент аруы - 2016" ұлттық арулар байқауы өтті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сұлулар сайысына шаһардағы 16-23 жас аралығындағы 16 қыз қатысып, өзара бақ сынасты.

Мұндай іс-шара облыста 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын айта кету керек. Осылайша бұл жолғы дәстүрлі байқау үш кезеӊнен тұрды. Бірінші кезеӊде қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін паш етті. Ал соӊғы тур сән шоуына ұласты. Үш кезеӊніӊ қорытындысына сай үш номинация бойынша жеӊімпаздар таӊдап алынды. Осы реткі байқауда бәсекелестікті арттыра түсу үшін бағалау тәсіліне онлайн дауыс беру әдісі қосылды.

Осылайша қазылар алқасыныӊ шешімімен "Шымкент аруы - 2016" байқауыныӊ жеӊімпазы Бекжігіт Тоғжан, І-ші вице -ару Файзулла Айыпжан, ІІ-ші вице-ару Дайана Сәдуақасова атанса, көрерменніӊ көзайымы аталымы бойынша Салима Бейсенғалиева жеӊімпаз атанып, марапатқа ие болды.

Аталмыш байқау жеӊімпаздарына 165 мыӊ теӊге көлемінде жүлде қоры белгіленген. Сондай-ақ, сұлулар сайысыныӊ бас жүлдегері алда өтетін республикалық "Қазақстан аруы" байқауына жолдама алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны