01.11.2016, 22:37 3756

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Шардара қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес жаӊа ықшамаудан пайда болады

Бұл ықшамаудан тұрғындары келешекте үй шаруашылығымен айналыса алуы үшін толығымен жеке меншік сектордан тұратын болады. Жастар мен балаларға арнап мұнда екі мектеп пен балабақша салынады. Аудан әкімініӊ айтуынша, бұл ықшамаудан келешекте Шардараныӊ жаӊа орталығына айналмақ.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Шардара қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында жаӊа ықшамаудан бой көтеруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ықшамаудан тұрғындары келешекте үй шаруашылығымен айналыса алуы үшін толығымен жеке меншік сектордан тұратын болады. Жастар мен балаларға арнап мұнда екі мектеп пен балабақша салынады. Аудан әкімініӊ айтуынша, бұл ықшамаудан келешекте Шардараныӊ жаӊа орталығына айналмақ.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев тіпті бұл ауданға жас мамандарды тарта отырып ғылыми қалашыққа айналдыруды армандап жүр.

Ықшамауданға арналған жерді жергілікті билік "Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес бөлген. Құрылыс басталмай тұрып жаӊа ықшамауданға жарық, су, кәріз жүйесі секілді қажетті коммуникациялар толығымен тартылған. Келешекте газ тарату желісін тарту жоспарланып отыр.

Ал қазір ықшамауданда құрылыс жұмыстары қызып жатыр. Нысандағы жұмыс күні таӊғы сағат 7-де басталады. Бригадир - Бақыт Күдеровтыӊ міндеті - 130 құрылысшыны қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету. Жұмыстар үш ауысыммен жүргізілуде.

Шардара қалалық құрылыс бөлімініӊ бастығы Нұрғали Мырзахметовтыӊ айтуынша: "Біз жұмыстардыӊ негізгі бөлігін қарашаныӊ аяғына таман аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жаӊа ықшамауданныӊ құрылысына бөлінген қаражаттыӊ жалпы сомасы 400 млн. теӊгеден асады, жұмыстарға 130 адам мен 20 арнаулы техника жұмылдырылған".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны