16.09.2016, 17:35 4550

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында 280 орынды жаӊа балабақша ашылды

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орындық "Айшуақ" бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік сайты.

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орындық "Айшуақ" бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік сайты.

Ашылу салтанатына облыс әкімініӊ орынбасары Ж.Бөкенбаев пен ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамыныӊ бас директоры Д.Досанов қатысып, тұрғындардыӊ қуанышымен бөлісті.

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамыныӊ демеушілік қаржысы есебінен салынған бөбекжайда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бүгінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.

Құрылыс алаӊыныӊ жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оныӊ ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаӊы болып отыр.

Елбасыныӊ жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мен салиқалы саясатын жүзеге асыру үшін облыс пен аудан,қала әкімдерініӊ қолдауымен білім беру жүйесіндегі оӊ өзгерістерге ерекше мән беріліп келеді.

"Бүгін біз ОҚО әкімдігімен бірлесе заманауи қала құрылысы мен архитектуралық талаптарға толықтай сай келетін 280 орынға арналған жаӊа балабақшаны аштық. Бұл ғимарат Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағы бойынша ірі аудандарыныӊ бірі болып саналатын елді мекенніӊ жас отбасылары үшін үлкен көмек болары сөзсіз. Балдырғандар өздерін барынша жайлы сезіну үшін барлық жағдайларды қарастыруды тырыстық", - деп атап өтті балабақшаныӊ ашылу салтанатында сөз сөйлеген компанияныӊ бас директоры Димаш Досанов.

Екі қабатты "Айшуақ" балабақшасы қазіргі заманға лайықты алдыӊғы қатарлы құралдармен жабдықталған - музыкалық орталық пен караоке, теледидарлар, компьютерлер және басқада қажетті жиһаздармен қамтылған. Жаӊа әлеуметтік нысанда музыкалық және гимнастикалық зал, медициналық кабинет, ойнау алаӊдары мен бөлмелер бар. Бұған қоса, жеке сабақтар үшін түзету-дамыту кабинеттер де қарастырылған.

2014 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ 2 миллиард теӊге көлемінде әлеуметтік маӊызы бар нысандардыӊ құрылысын қаржыландырған болатын. Оныӊ ішінде, Атырау облысыныӊ Құлсары қаласында 300 орынға арналған орта мектеп және Павлодар қаласында 320 орындық балабақша бар. Мұнымен бірге, Маӊғыстау облысыныӊ Бейнеу ауданында, Батыс Қазақстан облысыныӊ Ақжайық ауданында және Атырау облысыныӊ Құрманғазы ауданында балалар мен ересектерге арналған әмбебап спорттық алаӊдар салынған болатын.

Анықтама:

"ҚазТрансОйл" - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5 400 мыӊ км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2000 мыӊ км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. "ҚазТрансОйл" АҚ компаниялар тобыныӊ өндірістік нысандары Қазақстанныӊ Қарағанды, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маӊғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны