29.08.2006, 14:02 3195

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 70 жылда алғаш рет аурухана салынды

ШЫМКЕНТ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында аурухана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл - біздің ауданда соңғы 70 жылда алғаш рет салынып отырған денсаулық сақтау нысаны,- деді аурухананың бас дәрігері Аманкүл Қанатова. - Бұрынғы аурухана 1932-жылы салынған".

А.Қанатованың айтуынша, аурухана бес жыл бойы салынды, кейінгі екі жылда құрылыс жұмыстарына студенттік отряд мүшелері жүмылдырылды. Нысан құрылысын салу облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Аурухана қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Оның перзентхана бөлімін жабдықтауға арналған 6,5 млн. теңге көлеміндегі қаржыны "Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясы бөлді. Жаңа аурухана Созақ ауданының тұрғындарын қазіргі заманғы медициналық көмекпен толық қамтамасыз ете алады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 51 мың адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны