18.10.2016, 20:02 3897

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби ауданында жаӊа балабақша ашылды

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша балғындар 100 пайыз балабақшамен қамтылуы тиіс. Төлеби ауданында бұл меже 80 пайызға орындалып отыр.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби ауданында Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай жаӊа балабақша ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұған дейін көрші ауылдағы бөбекжайға қатынаған балғындар ендігі жерде мектепке дейінгі білім беру мекемесініӊ тапшылығын сезінбей, заман талабына сай жабдықталған нысанда тәрбиеленеді.

Жаӊадан бой көтерген балабақша "Идемі" деп аталады. Мұнда бөбектердіӊ жан-жақты білім алуы үшін бар жағдай жасалған.

110 балаға шақталған мекемеде арнайы ойын алаӊшалары да талапқа сай әрі жоғары білімді тәрбиешілер тәлім береді. N?eo?i "Балапан" бағдарламасы аясында ашылған балабақша жергілікті тұрғындардыӊ жұмыспен қамтылуына да себепші болмақ.

Бұған дейін балаларын көрші ауылға тасып, әбден қажыған ауыл тұрғындары бұл қуанышқа дән риза.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша балғындар 100 пайыз балабақшамен қамтылуы тиіс. Төлеби ауданында бұл меже 80 пайызға орындалып отыр. Жергілікті кәсіпкерлер бизнес-билік жобасы аясында бұдан да жоғары көрсеткіштерді бағындырмақ ниетте.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасыныӊ негізгі мақсаты - халықтыӊ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарыныӊ сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру.

Ал, бағдарламаныӊ міндеттері:

- 2015 жылға дейін мектеп жасына дейінгі балалардыӊ 77 %-ын, 2020 жылға дейін -100% қамтылуын қамтамасыз ету;

- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық проблемасын шешу үшін қажетті қаржы-экономикалық жағдай жасау;

- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардыӊ біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру;

- инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б жарақтандыру);

- оқытудыӊ жаӊа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебімен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаӊарту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны