26.09.2006, 11:19 3447

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы болып Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы болып Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Вячеслав Дудник тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жаңа тағайындау туралы ВИЧ індетінің таралуына қатысты ахуал жөніндегі облыстық штабтың отырысында кеше мәлім болды. Отырысты облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев жүргізді.

"Оны іс жүзінде директор деп таныңыздар",- деді департамент директорыынң міндетін атқарушыны таныстырған Ө.Шүкеев.

Ө.Шүкеевтің айтуынша, В.Дудниктің бірінші кезекті міндеті - індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды тексеруді аяқтау мен қалыптасқан ахуалға байланысты денсаулық сақтау саласына қажетті қаржының сметасын жасауға саяды. Смета облыстық мәслихаттың 29-қыркүйектегі сессиясында таныстырылуға тиіс.

Өз кезегінде В.Дудник қан орталығының жұмысын жоғары деңгейде жетілдіруге күш салуға уәде берді. "Мүмкін жаңа орталық салатын қажеттілік туған шығар",- деді ол. "ВИЧ дегеніміз - қан тышқақ немесе тұмау емес. Біз ендігң жерде мұндай дертпен өмір сүре білуге үйренуге тиіспіз. Мамандар ұзақ мерзімді жүйелі жұмысқа машықтануы қажет",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны