30.09.2016, 10:05 6862

Оӊтүстік Қазақстан облыстық ұстаз республикалық байқауда жеӊімпаз атанды

Арнайы комиссияныӊ іріктеуі нәтижесінде 48 мектеп және колледж оқытушысы осы атақты иеленді. Ир жеӊімпазға 2 миллион теӊгеден артық қаржылай сыйлық табыс етілді.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада мұғалімдердіӊ кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған "2016 жылдыӊ үздік педагогы" деп аталатын шарада Төле би ауданы №1 мектеп- гимназиясыныӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрила Байтасова республикалық конкурс жеӊімпазы болып табылды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ ұйымдастыруымен өткен биылғы бауқайға 5 620 үміткер қатысып, оныӊ 48-і түрлі аталым бойынша жеӊімпаз атанды. Олар Мақтау қағаздарымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық мектептер арасында арнайы жарияланған акция қорытындысы бойынша, қаламыздағы 25 жылдық тарихы бар Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы республика деӊгейінде І орынды иеленді. Бұл орынды мектеп оқушылары мен ұстаздары "Мен өз Отанымды сүйемін!" деген аталым бойынша патриоттық рухымен, мектепке деген құрметімен ерекшеленген видео-нұсқа арқылы жеӊіп алды.

Арнайы комиссияныӊ іріктеуі нәтижесінде 48 мектеп және колледж оқытушысы осы атақты иеленді. Ир жеӊімпазға 2 миллион теӊгеден артық қаржылай сыйлық табыс етілді. Байқауға қатысуға еліміз бойынша 5620 өтініш түскен. Үміткерлерге бірқатар қатаӊ талаптар қойылды. Олар саладағы жоғары жетістіктерімен қатар білім беру ісімен кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны