18.10.2016, 18:44 3843

Оӊтүстік Қазақстан облыстық жастар жылына кемінде үш рет "Мен Донормын!" акциясын өткізеді

Акцияны Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ "Жастар ресурстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйымдастырады.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облыстық жастар жылына кемінде үш рет "Мен Донормын!" акциясын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Акцияны Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ "Жастар ресурстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйымдастырады. Осындай бір акция Оӊтүстік Қазақстан облыстық "Қан орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ ғимаратында өтті.

Іс-шараныӊ мақсаты: қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, жастар бойында мейірімділік, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру. Негізгі міндет - қоғам тарапынан жауап алу және донорлар санын ұлғайту.

Көптеген ауруларға донор қаны ауадай қажет.

Іс-шараға студент жас пен зиялы қауым өкілдері, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ қызметкерлері және еріктілер мектебініӊ мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қан тапсырушы азаматтыӊ дені сау, салмағы кем дегенде 50 келіден асу қажет. Жұқпалы дертпен науқастанғандар қан өткізе алмайды. Осы жолғы іс-шараға аталған талаптарға сай келетін 200 жас қатысты. Олардыӊ әрбірі арнайы қорға 350 грамнан қан өткізді.

Өӊірдегі ауруханалар қанға күнделікті қажеттілікке душар болып тұрады. Облыстық қан орталығы жылына 13 мыӊ литр қан және оныӊ компоненттерін жинақтауға мүмкіндігі бар. Дәл қазір мұнда 3 мыӊ литр қор бар. Адам өмірі үшін қажет болған жағдайда барлық топтағы қан осы жерден табылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы өзініӊ жыл сайынғы Жолдауларында жастарға қаратып сөз арнауды естен шығарған емес. Айталық, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы

"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға қаратып былай деген болатын:

"Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді.

Бүгін мен жариялаған Жаӊа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.

Мен сіздерге - жаӊа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаӊа бағыттыӊ қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.

Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердіӊ оқуларыӊыз бен өсіп-өнулеріӊіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Илемдік деӊгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, "Болашақ" бағдарламасын құрдым.

Қазір мемлекеттік жастар саясатыныӊ жаӊа тұжырымдамасы әзірленуде.

Мемлекет сіздердіӊ алдарыӊыздан жаӊа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердіӊ ата-аналарыӊыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Естеріӊізде болсын: сіздердіӊ табыстарыӊыз - ата-аналарыӊыздыӊ табысы, туғандарыӊыз мен туыстарыӊыздыӊ табысы, отбасыларыӊыздыӊ табысы, барлық отандастарыӊыздыӊ табысы, біздіӊ Отанымыздыӊ табысы".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны