10.09.2015, 19:22 3876

Орал қаласы маӊында шыққан өртке "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды

Өрт туралы дерек түсе саласымен, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі аумағындағы өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Иуе көлігі 12 рет өрт аумағына ұшып, 36 тонна су шашты. Нәтижесінде өрт толығымен сөнді.

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Өрт туралы дерек түсе саласымен, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі аумағындағы өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Иуе көлігі 12 рет өрт аумағына ұшып, 36 тонна су шашты. Нәтижесінде өрт толығымен сөнді. Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев және Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініӊ мамандарымен қосылып, "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен әуеден барлау жұмыстарын жүргізіп және өрт болған аумаққа барып жағдайды тікелей бақылауына алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске сала кетейік, биыл өӊірде өрт жиілеп тұр. Соныӊ ішінде Орал қаласы маӊында бірнеше өрт оқиғасы тіркеліп, орманды, саяжай аумақтарын және темір жолды өрт шарпыды. "Орал-Желаево" теміржол өткелініӊ 1032 шақырымындағы темір жол бойында 1 га аумақта орманды алқап өртеніп, салдарынан 2 шақырымға жуық жол бөлігіндегі төсеніш шпалы зақымданды, нәтижесінде "Орал-Ақтөбе" жолаушы пойызыныӊ қозғалысы уақытынан кешіктірілген болатын.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті "Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны