12.07.2018, 19:31 3297

Орал қаласында "Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өзара іс-қимылы. Аймақтық ынтымақтастықтыӊ тәжірибесі" халықаралық конференциясы өткізілді

Конференцияда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамудағы әйелдердіӊ рөлі, негізгі ортақ міндет - 30 дамыған елдіӊ қатарына кіруге бағытталған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы, Қазақстанныӊ үшінші технологиялық жаӊғыруымен астасып жатқан Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өзара әрекеттестігі талқыланды.

Орал. 12 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 12 шілдеде Орал қаласындағы облыстық мәслихаттыӊ акт залында "Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өзара іс-қимылы. Аймақтық ынтымақтастықтыӊ тәжірибесі" халықаралық конференциясы өткізілді. Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) бірлесіп Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасы ұйымдастырды.

Конференцияда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамудағы әйелдердіӊ рөлі, негізгі ортақ міндет - 30 дамыған елдіӊ қатарына кіруге бағытталған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы, Қазақстанныӊ үшінші технологиялық жаӊғыруымен астасып жатқан Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өзара әрекеттестігі талқыланды.

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі А.Көлгінов, Ұлттық комиссияныӊ мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардыӊ, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері, сондай-ақ, Ресеймен шекаралас Астрахань, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов облыстарындағы іскер әйелдер қатысты.

Ұлттық комиссия төрағасыныӊ орынбасары Е.Тарасенко форумныӊ алғы сөзінде конференция қазіргі таӊда отбасы, ана мен баланы қорғау, әйел адамдардыӊ құқықтары мен мүмкіндіктерін кеӊейту мәселелері бойынша билік пен қоғам, халықаралық ұйымдар арасындағы тиімді алаӊға айналған Ұлттық комиссияныӊ 20-жылдығына арналғандығын атап өтті.

Елена Тарасенко Қазақстандағы отбасылық-гендерлік саясатты іске асырудағы қабылданған пәрменді шаралар мен жетістіктер туралы халықаралық конференция қатысушыларыныӊ назарына жеткізді.

Қазақстандағы әйелдердіӊ экономикалық әлеуетініӊ артуы Бүкіләлемдік экономикалық форумда өз бағасын алды. 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша "экономикаға араласу және әйелдердіӊ мүмкіндігі" көрсеткіші бойынша Қазақстан 144 елдіӊ арасында 30 орынға табан тіреді. Айтарлықтай көрсеткіш ретінде Парламенттегі және барлық деӊгейдегі мәслихат депутаттарыныӊ ішінде әйел адамдардыӊ үлесі 22% құрайтынын атауға болады.

Конференцияда сөйлеген Қазақстандық және Ресейлік ұйымдардыӊ делегаттары ортақ жобаларды жүзеге асырудағы жаӊа мүмкіндіктер мен дамыу жолдарын атап өтті.

Конференция барысында сөз алған облыс әкімі А.Көлгінов облысымыздыӊ әлеуметтік - экономикалық дамуына әйелдердіӊ қосқан үлестерініӊ зор екенін атап өтті. Облыста 188 әйел әртүрлі басшы лауазымдарда, 2-і Парламент мәжілісі мен Сенатта, 1-і облыс әкімініӊ орынбасары және 4-і аудан әкімдерініӊ орынбасарлары болып еӊбек етеді. Сондай-ақ, облыстағы 48 мыӊ кәсіпкерлік субъектісініӊ 19-ын, яғни барлық облыстағы компаниялардыӊ 41% бизнес-ледилер басқарып отыр.

Отбасы құндылығы - ұлт болашағыныӊ кепілі. Бұл жөнінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасында да кеӊ көлемде айтылған. Тәуелсіздік жылдарында әйелдердіӊ өзіндік дамуы мен еӊбек теӊдігі үшін мүмкіндіктер туғызу бағытында маӊызды тұжырымдамалық құжаттар қабылданды.

Қазақстанда отбасы және гендерлік саясатқа ерекше көӊіл бөлінеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы отбасы институтын қолдауға бағытталған отбасы саясатын қалыптастырудағы жүйелі қадамдар туралы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны