11.06.2013, 11:36 2916

Оралда 1976 жылғы азаматты атып өлтірген күдіктінің кім екендігі анықталды

БҚО ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Сергей Шевченконың хабарлағанындай, күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шешенстанның 35 жасар азаматы Хасан Губзаев болып шықты. 6 маусым күні Орал қалалық соты оны қамауға алу жөнінде санкция берді. Қазіргі кезде күдікті іздестірілуде.

Орал. 11-маусым. Kazakhstan Today - Оралда 1976 жылғы азаматты атып өлтірген күдіктінің кім екендігі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Орал қаласында биылғы 19 ақпан күні "Березка" дүкені маңында 1976 жылғы Аманғали Байқуанышевті белгісіз біреу атып, өлтіріп кеткен болатын.

БҚО ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Сергей Шевченконың хабарлағанындай, күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шешенстанның 35 жасар азаматы Хасан Губзаев болып шықты. 6 маусым күні Орал қалалық соты оны қамауға алу жөнінде санкция берді. Қазіргі кезде күдікті іздестірілуде.

Аталмыш оқиғаның себеп-салдары мынадай. А.Байқуанышев 2004 жылы адам бопсалағаны үшін сотталған. Оның Орал-Самара жолы бойында өз ақша ауыстыру пункті болған. Байқуанышев 22-25 жасар жігіттерден топ құрып, бәсекелестерін қорқытып отырған. Оқиға болардан он күндей бұрын топтағылардың бірі соққыға жығылады. Байқуанышев жәбірлеушіні өзі іздеп, 8 ақпан күні Хусейн Губзаевты кездестіреді. Оны өз машинасымен қуып, аңшы мылтығымен атып, қолынан жаралайды. Ал Губзаев келесі күні Ресейге жол тартады.

Күдікті Хасан Губзаев - 22 жасар Хусейннің туған ағасы. Сөйтіп ағасы інісі үшін кек алған.

Қазіргі кезде БҚО ішкі істер департаменті күдіктінің мекенжайын хабарлаушыға қомақты сыйақы белгілеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны