27.06.2008, 13:10 1179

Оралда қала құрылысының бас жоспарын сақтамауға қатысты көптеген деректер анықталды

Оралда қала құрылысының бас жоспарын сақтамауға қатысты көптеген деректер анықталды

Орал. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оралда қала құрылысының бас жоспарын сақтамауға қатысты көптеген деректер анықталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Жамансариева хабарлады.

"Прокурорлар тарапынан қолданылып жатқан шараларға қарамастан, тексерулер көрсеткендей, Оралда қала құрылысының бас жоспарын сақтамауға қатысты көптеген деректер байқалуда", - деді А. Жамансариева.

"Мәселен, Орал әкімдігі "Болашақ" және "Строительная инициатива" ЖШС-іне 9 ықшамауданда алаңы тиісінше 3,485 және 2,52 гектар жерді коттедж құрылыстарын салу үшін берген, ал бас жоспарға сәйкес, бұл учаске көп қабатты құрылыс салынуға тиіс. Прокуратураның таныстыруымен заңсыз берілген жер телімдері тәркіленді", - деді А. Жамансариева.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, жерді рекреациялық және санитарлық аймақтарда тұрғын үй немесе абсқа да қүрылыстар салуға беру деректері кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны