31.07.2013, 12:41 9995

Оралда өзін-өзі атқан сарбаз ауруханада есін жиды

Оралда басына оқ тиіп жараланған мерзімдік қызметтегі сарбаз 7 күннен кейін есін жиды, деп хабарлады Astanatv телеарнасы.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Оралда өзін-өзі атқан сарбаз ауруханада есін жиды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оралда басына оқ тиіп жараланған мерзімдік қызметтегі сарбаз 7 күннен кейін есін жиды, деп хабарлады Astanatv телеарнасы.

Оралда өз-өзіне қол салған сарбаздың жансақтау бөлімінде жатқанына бүгін - сегізінші күн. Тілі мен көмейін, тіпті миының бір бөлігі мен бас сүйегін оқ тесіп өткен ол тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында. Дегенмен, қазір тілге келіп, ес жинады. Мамандардың айтуынша, бұл - әлемдік медицинада өте сирек кездесетін жағдай.

"Аздап қол-аяғын қимылдата алады, көзін ашады, өз күшімен тыныс алады, кейбір сұрақтарға да жауап береді. Ол әрі қарай бақылауда болады. Жағдайы жақсарғанымен, әлі де халі ауыр, қайтсе де бас миына зақым келген ғой", - деді БҚО клиникалық аурухана директорының орынбасары Жұмабек Шайхиев.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде 19 жастағы қатардағы сарбаз Еркебұлан Сейілханов басына оқ тиіп, ес-түссіз жатқан жерінен 55/17 әскери бөлімінде табылған. Оның жанында бөтен автомат жатқан. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еркебұланға борышын өтеп бітуге екі ай қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны