30.11.2007, 14:03 3678

Оралдың 3 балабақшасында санитарлық -эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылған

Оралдың 3 балабақшасында санитарлық -эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылған

Орал. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Орал қаласының №29 "Қарлығаш", №24 "Солнышко", №20 "Балбөбек" бала бақшаларында саниатрлық -эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылғандығы белгілі болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық прокуратурадағылар хабарлады.

Прокуратураның деректері бойынша, бала-бақшаларда ас дайындалатын және берілетін бөлмелерде ішек инфекциясының бары анықталды.

"Мектепке дейінгі көрсетілген білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп, оқытылып жатқан 504 баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төнгендіктен, анықталған заң бұзушылықтар тез арада түзетілуі керек", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны