26.12.2007, 18:55 3448

Оралдың бюджеті 2008 жылы 8 млрд жуық теңгені құрайды

Оралдың бюджеті 2008 жылы 8 млрд жуық теңгені құрайды

Орал. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оралдың бюджеті 2008 жылы 7,9 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады агенттік тілшісіне қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Галина Тукранова.

Оның сөздеріне қарағанда, алдағы жылы бюджет әлеуметтік салаға көбірек бағытталады. Білім беру жүйесіне 3,2 млрд теңге бөлінетін болса, тұрғын-үй коммуналдық мәселелер саласына 1,6 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, қалада мектептер мен мектепке дейінгі мекемелеріндегі орындардың тапшылық мәселесі шешілмей қалды. Оралдың орта білім беру ордаларына 10 мың 67 оқушы орны қажет. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиеге зәру болып отырғандардың 24 пайызы ғана балабақшаларға барып жүр", деп хабарлады Г.Тукранова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны