20.04.2017, 15:56 5706

"Оралман" фильмініӊ әлемдік премьерасы Иранда өтеді

"Оралман" фильмі Иранныӊ Тегеран қаласында сәуірдіӊ 21-і мен 28-і аралығында өтетін 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалініӊ "Шығыс панорамасы" бағдарламасына қатысады.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - "Оралман" фильмі Иранныӊ Тегеран қаласында сәуірдіӊ 21-і мен 28-і аралығында өтетін 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалініӊ "Шығыс панорамасы" бағдарламасына қатысады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Қадам" кинокомапаниясыныӊ қатысуымен түсірілген "Оралман" фильмі атажұртынан кетуге мәжбүр болып, ондаған жылдар өткен соӊ Ауғаныстаннан туған жеріне қайта оралған қандастарымыз жайлы. Режиссері - Сәбит Құрманбеков ("Секер", "Жиде"). Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен.

Оралман тақырыбы ұлттық проблеманыӊ еӊ үлкені. Меніӊ ағайындас бауырларым кезінде екіге бөлініп, бірі осында қалып, қалғаны Қытай ауып кеткен. Олар алтпысыншы жылдары қайтып келген. Алайда Қытайда туған бауырларымызды бөтенси бастадық. Бұл тек қана меніӊ отбасымныӊ емес барша қазақтыӊ басынан өткен. Бұл біздіӊ психологиямызға өтпестей із қалдырды, біздіӊ санамызға психологиялық кірбеӊ келтірді. - деді фильмніӊ режиссері Сәбит Құрманбеков.

Фаджр халықаралық фестивалі 1982 жылы Иранныӊ мәдениет министрлігі және ислам бағыты ұйымымен негізі қаланған. Фестиваль Қиыр Шығыстағы еӊ ауқымды әрі танымал кинофестиваль есептеледі. Бұл фестиваль аясында әлем кинематографистері мәдени байланыс орната алатын бірден бір алаӊ.

Биыл "Шығыс Панорамасы" секциясында 12 елден 15 толықметражды картина ұсынылған. Отандық картинамен қатар бас жүлдеге "Воля отцов" (Қырғызстан), "Ученик" (Сингапур, Германия, Франция, Қытай), "Дом других" (Грузия, Испания, Хорватия, Ресей), "Спрей" (Үндістан), "Сеятель" (Жапония) және басқалар таласады.

Режиссер Сәбит Құрманбеков фильм жайлы өз ойын білдіріп, фестивальден не күтетіндігі туралы айтып берді: - Бұл фестивальден жеӊіс күтпеймін. Өйткені маған жеӊіс маӊызды емес. Маған сол жақтағы қандастарымыздыӊ осы фильмді көргені маӊызды. Фильмім арқылы жалпы адамзаттық тақырыпты көтергім келді. Оралмандар тек бізде емес еврей, неміс және басқа да халықтарда бар. Біздіӊ ауылда немістер көп болатын. 90шы жылдары олар Германияға үдере көшті. Алайда олар бірден сол жерге сіӊісіп кеткен жоқ. Олар өз отаныныӊ менталитетіне бейімделуі қиын болады. Олар теӊіздіӊ ортасында қалып қойған арал секілді болып қалды...

Айта кетелік, Фаджр кинофестивалініӊ "Шығыс Панорамасы" бағдарламасында қазылар алқасы қатарында танымал режиссер Дәрежан Өмірбаев бар. Дәрежан Өмірбаев 2013 жылы аталмыш кинофестивальге "Студент" атты фильмімен қатысқан болатын. Сондай-ақ, қазылар алқасы қатарында: ирандық кинорежиссер және сценарист Камал Тебризи, түрік режиссері Зекир Демиркубуз, француздық продюсер және киносыншы Неджиб Айед және әзербайжандық режиссер Хамида Омарова бар. Дәрежан Өмірбаев қазылармен Азияныӊ үздік режиссерін, үздік қысқаметражды және толықметражды фильмін таӊдайтын болады.

Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғаныстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны