12.06.2008, 19:35 2779

"Орыс әлемі" қоры Қырғызстанда орыс орталықтарын ашу ісіне кірісті

"Орыс әлемі" қоры Қырғызстанда орыс орталықтарын ашу ісіне кірісті

Бішкек. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Орыс әлемі" қоры Қырғызстанда орыс орталықтарын ашу ісіне кірісті. Бұл туралы кеше қордың атқарушы директоры Вячеслав Никонов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жобаға сәйкес, "Орыс орталықтары" ақпараттық-анықтамалық, білім беру және коммуникативтік қызметтер атқаратын болады және өз мүмкіндігін орыс тілі мен орыс мәдениетіне қызығушылық танытқан барша жанға көрсететін болады. Алғашқы орталық 2008 жылдың 7 ақпанында Арменияда Ереван мемлекеттік университетінің негізінде ашылған болатын. Қырғызстан ТМД елдері ішіндегі екінші мемлекет болып кезекке тұрды. Вячеслав Никонов атап көрсеткендей, жалпы алғанда бүкіл дүниежүзі бойынша осы секілді 80 орталық табысты қызмет етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны