03.06.2008, 14:04 1404

Орталық Азия республикаларының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конвенциясын Қазақстан таяу уақыттарда ратификацияламақшы - Ысқақов

Орталық Азия республикаларының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конвенциясын Қазақстан таяу уақыттарда ратификацияламақшы. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін "Еуразиялық құрлықтың тұрақты дамуы" атты бірінші халықаралық форум аясындағы үзіліс кезінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Орталық Азиялық мемлекеттер тұрақты даму жөніндегі өңірлік тұжырымдама мен еуразиялық доктринаны басқа өңір елдерінің назарына ұсына алуы үшін....

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия республикаларының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конвенциясын Қазақстан таяу уақыттарда ратификацияламақшы. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін "Еуразиялық құрлықтың тұрақты дамуы" атты бірінші халықаралық форум аясындағы үзіліс кезінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Орталық Азиялық мемлекеттер тұрақты даму жөніндегі өңірлік тұжырымдама мен еуразиялық доктринаны басқа өңір елдерінің назарына ұсына алуы үшін Орталық Азия республикаларының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конвенциясын Қазақстан таяу уақыттарда ратификацияламақшы", - деді Н. Ысқақов.

Өз кезегінде Қырғызстанның қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры, Орталық Азия елдерінің тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы Арыстанбек Давлеткельдиевтің түсіндіруінше, "... қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция - бұл өңірдің тұрақты даму жөніндегі келешек доктринасының басты құжаттарының бірі".

"Қазір құжатқа Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері қол қойған, биыл оған Қазақстан мен Өзбекстан да қол қояды деп сенеміз", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны