07.09.2015, 13:54 4166

Орталық полиция бөлімініӊ учаскелік полиция инспекторларымен кәсіпкерлердіӊ біріне қаруланған шабуыл жасаған деген күдікпен қаламыздыӊ екі тұрғыны ұсталды.

6-шы қыркүйек күні қаладағы автотұрақтардыӊ бірініӊ маӊында екі азамат 55-жастағы кәсіпкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып ақшасын тартып әкетпекші болған

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 6-шы қыркүйек күні қаладағы автотұрақтардыӊ бірініӊ маӊында екі азамат 55-жастағы кәсіпкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып ақшасын тартып әкетпекші болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция бөлімінініӊ учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген жедел -іздестіру іс-шаралары барысында 38 және 25 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтар қарақшылық шабуыл жасағандары туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Сондай-ақ ұсталғандар бұған дейінде бір азаматтыӊ сағатын алып кеткендігін мойындады. Айта кету керек ұсталғандар барлық қылмыстарын түнгі уақытта жасаған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны