10.12.2018, 01:35 6371

Орталық-Азия өӊірініӊ өкілдері Астанада туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылауда

2018 жылдыӊ 5-6 желтоқсан аралығында Астанада "Көші-қон және туберкулез: туберкулезді (ТБ) трансшекаралық бақылау және Орталық-Азия өӊіріндегі туберкулезге қарсы көмек" атты жоғары деӊгейдегі төртінші өӊірлік кездесу өтуде

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Орталық-Азия өӊірініӊ өкілдері Астанада туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылауда.

2018 жылдыӊ 5-6 желтоқсан аралығында Астанада "Көші-қон және туберкулез: туберкулезді (ТБ) трансшекаралық бақылау және Орталық-Азия өӊіріндегі туберкулезге қарсы көмек" атты жоғары деӊгейдегі төртінші өӊірлік кездесу өтуде. Еӊбек мигранттары арасындағы туберкулезді диагностикалау және емдеу механизмдерін үйлестіру мақсатында іс-шараға Орталық Азия елдері үкіметтерініӊ, ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламалардыӊ және көші-қон қызметтерініӊ өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ, СТОП ТБ серіктестігініӊ, халықаралық ұйымдардыӊ, ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардыӊ сарапшылары, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысып отыр.

Төртінші өӊірлік кездесудіӊ пленарлық отырыстарында туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша 12-айлық Іс-қимыл жоспарыныӊ/Жол картасыныӊ орындалу нәтижелерін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясыныӊ туберкулез бойынша жоғары деӊгейдегі кеӊесініӊ қорытындыларын және туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелері бойынша декларациясын Орталық Азияда енгізу үшін қажет қадамдарды қарастырады. Баяндамашылар Қазақстанныӊ Қырғызстан және Тәжікстанмен туберкулезді трансшекаралық бақылау саласындағы екі жақты келісімге жету процесі туралы және елдердіӊ деректермен алмасуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ электрондық платформасын пайдалануы туралы ақпарат ұсынбақ.

Жұмыс топтарыныӊ кездесуі барысында еӊбек мигранттарына арналған емделушілерге бағытталған қызметтерді әрі қарай енгізу, стигма және оныӊ туберкулерзі анықтауға және емдеуге әсері, сектораралық ынтымақтастық, сондай-ақ көпжақты серіктестікті қалыптастыруды талқыланады. Жетекші халықаралық сарапшылар туберкулезбен күрес бойынша үздік практикаларды және оларды өӊірлерде бейімдеу мүмкіндіктерін ұсынады.

"Қазақстанда төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жоғары деӊгейдегі кездесулер дәстүрге айналды. Бұл Орталық Азияныӊ үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерініӊ, халықаралық ұйымдар сарапшыларыныӊ қатысуымен туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді платформа. Өӊірдегі мемлекеттер арасында жүйелі ынтымақтастық жолға қойылды деп сеніммен айта аламын. Қазақстанныӊ Қырғызстан және Тәжікстанмен екі жақты келісімге келу жобалары мұныӊ дәлелі. Сонымен қатар, үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жыл сайын осы іс-шараны ұйымдастырып, туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспарды табысты жүзеге асырып отырғанына алғыс білдіргім келеді", - дейді Еуропа/Еуразия бойынша Project HOPE өӊірлік директоры Мариам Сианозова.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия аймағында туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша ұсыныстарды қорытындылайтын қарар қабылдайды. Кеӊестіӊ шешімі денсаулық сақтау министрліктеріне және көші-қон мәселелерімен айналысатын басқа да мекемелерге жіберіледі. Туберкулезбен күрес бойынша келесі жылға трансшекаралық туберкулезді бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспары/Жол картасы дайындалып, нақты іс-шараларды анықтау арқасында аймақтағы трансшекаралық туберкулезді бақылау саласындағы келісілген және тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Іс-шара шеӊберінде "Үйге сауығып орал!" фотокөрмесі ұйымдастырылды. Фотокөрме мақсаты - қоғамныӊ назарын туберкулезден зардап шеккен адамдардыӊ қиындықтарына назар аудару. "Көші-қон және туберкулез: туберкулезді трансшекаралық бақылау және Орталық-Азия өӊіріндегі туберкулезге қарсы көмек" атты жоғары деӊгейдегі 3-ші өӊірлік кездесу шеӊберінде фотокөрме былтыр ашылған болатын. Өткен жылы Қазақстанныӊ ғана фотожұмыстары ұсынылған болатын, ал биыл көрмеде Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанныӊ суреттерін де қамтып отыр. Қазақстаннан басқа, фотокөрме Қырғызстан мен Тәжікстанда да қойылған. ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жаһандық қоры және АҚШ-тыӊ халықаралық даму агенттігініӊ (USAID) қолдауымен Project HOPE фотокөрмені ұйымдастырып отыр.

Жоғары деӊгейдегі төртінші өӊірлік кездесу Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестіӊ 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын және Project HOPE халықаралық ұйымы ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жаһандық қорыныӊ (Жаһандық қор) және АҚШ-тыӊ халықаралық даму агенттігініӊ грантына іске асырып отырған "Қазақстан Республикасындағы еӊбек мигранттары арасындағы туберкулезді, көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді (ТБ, КДК/АДК ТБ) және ТБ/АИТВ трансшекаралық бақылау және емдеу жөніндегі іс-шаралар" бағдарламасын іске асыру шеӊберінде ұйымдастырылып отыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және Project HOPE Жаһандық қордыӊ және АҚШ-тыӊ халықаралық даму агенттігініӊ қаржылық қолдауымен кездесуді ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны