26.02.2008, 15:56 2882

Өрттен кейін Қарағандының "Ақжолтай" спорт мұз сарайында балалардың жаттығулары қайта басталды

Өрттен кейін Қарағандының "Ақжолтай" спорт мұз сарайында балалардың жаттығулары қайта басталды

Қарағанды. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өрттен кейін Қарағандының "Ақжолтай" спорт мұз сарайында балалардың жаттығулары қайта басталды деп хабарлады агенттік тілшісіне балалардың шайба хоккейінің спорт мектебінің директоры Владимир Антонов.

В. Антоновтың айтуынша, 13 қарашада болған өрттен кейін бүгін балалар мұз айдынында бірінші рет жаттығуларға кірісті. Бүгінгі кезде сарайда 7 ден 17 жасқа дейін 293 жас хоккейші мен 154 мәнерлеп сырғанаушы жаттығады.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қарашада "Ақжолтай" мұз айдыны сарайында орналасқан киім-кешек базарында өрт өршіп, оған күрделілігі жағынан 4 санаты берілді. Мұз айдынының ғимаратын 299 адам жалға алып, олардың біреуі де оттан зардап шеккен жоқ.

Өрт кезінде сарай ғимаратының кейбір бөлігі ғана өртке шалынды. Оңтүстік трибунаның бірінші қатардағы орындықтары, электрондық таблосы, спорттық киім кешек өртке оранды.

"Қазір стадиондағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ал біздер үшін барлық жағдай жасалып қойылды. Енді 15 наурызға таман барлық сауда орындары жұмыс істейтін болады ", - деп хабарлады В. Антонов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны