19.11.2012, 16:48 3041

Осы аптада Парижде ЭКСПО-2017 өткізетін кала таңдалады

Шара барысында СІМ жауапты хатшысы, жобаның ұлттық үйлестірушісі Рапиль Жошыбаев Астананың кандидатурасы ұсынылғалы бері ынтымақтастық шаралары жандана бастаған елдер саны арта түсті дейді. Жобаның өзі Халықаралық көрмелер бюросы жанындағы көптеген елдердің қолауына ие болды.

Астана. 19-қараша. Kazakhstan Today - Осы аптада Парижде ЭКСПО-2017 өткізетін кала таңдалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада шетелдік елшілік корпусының өкілдері 2017 жылғы мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткізуге берілген өтініштің жай-күйімен танысты.

Шара барысында СІМ жауапты хатшысы, жобаның ұлттық үйлестірушісі Рапиль Жошыбаев Астананың кандидатурасы ұсынылғалы бері ынтымақтастық шаралары жандана бастаған елдер саны арта түсті дейді. Жобаның өзі Халықаралық көрмелер бюросы жанындағы көптеген елдердің қолауына ие болды.

"Бір бірлесіп өте ауқымды жұмысты атқардық. Өз ұсынысымызды өткізу жөніндегі шаралар барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолында көптеген маңызды келісімдерге қол жеткізілді, сондай-ақ әлемнің 10 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды", - деді Р.Жошыбаев.

Бұдан басқа, қатысушылардың назарына биылғы жыл сайын өтетін халықаралық Канн фестивалінде ІІ жүлделі орын алып, "Күміс дельфин" жүлдесінің иегері болған қазақстандық "Astana EXPO 2017 - The Great Expectation of Kazakhstan" фильмі ұсынылды.

22 қараша күні Парижде Халықаралық көрме бюросының 152-Бас Ассамблеясында жасырын дауыс беру жолымен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастырушы ел анықталатын болады.

ЭКСПО-2017 көрмесіне Қазақстан ұсынып отырған "Болашақ энергиясы" тақырыбы ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың "жасыл" экономикаға өту жөніндегі мақсаттары мен бастамаларын көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны