11.01.2019, 14:38 6485

Өскемен қалалық білім бөліміне жаӊа басшы тағайындалды

Алда тұрған негізгі міндеттер - ол бала-бақшалардыӊ санын көбейту, білім сапасын арттыру, оқу орындарын жөндеу және олардыӊ санын арттыру. Білім бөлім басшысыныӊ лауазымы бір жарым жылдай бос болғанын атап айту керек.

Өскемен. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін білім саласыныӊ басшыларымен өткен жиналыс барысында Өскемен қаласыныӊ білім бөлімініӊ жаӊа басшысы болып Жанат Айтпаева тағайындалды.

Жанат Жеӊісбекқызы Шығыс Қазақстан облысыныӊ тумасы. Педагогика ғылымыныӊ кандидаты, экономика және бизнес магистрі.

Білім саласында 1987 жылдан бастап жұмыс істейді. Еӊбек жолын Марқакөл ауданыныӊ Алексеевка ауылында мұғалім болып бастаған. Өскемен қаласыныӊ №40 орта мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ берді. Айта кету керек, техникалық және кәсіптік білім беру саласында да әдістемелік және білім беру тәжірибесі бар. 2011 жылдыӊ желтоқсанынан бастап осы күнге дейін Шығыс Қазақстан өӊірлік "Дарын" ғылыми-тәжірибелік орталығыныӊ директоры лауазымында еӊбек етті.

Алда тұрған негізгі міндеттер - ол бала-бақшалардыӊ санын көбейту, білім сапасын арттыру, оқу орындарын жөндеу және олардыӊ санын арттыру. Білім бөлім басшысыныӊ лауазымы бір жарым жылдай бос болғанын атап айту керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны