08.09.2016, 19:19 4372

Өскеменде "Нұрлы Жол" паркі мен монументініӊ құрылысы басталды

Парк 2017 жылдыӊ маусым айында ашылады деп жоспарланып отыр.

Өскемен. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Келесі жылы Шығыс Қазақстанныӊ облыс орталығында құрылысында архитектураныӊ соӊғы үлгілері пайдаланылған жаӊа парк ашылады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Парк пен монумент қаланыӊ сол жақ бөлігінде орналасады. Өскемен қаласы үшін бұл күтпеген әрі бірегей архитектуралық шешім.

5 га аймаққа арналған паркте демалыс орындары, балалар ойын және спорт алаӊдары, шағын архитектуралық кескіндер, орындықтар, LED жарық шамдары орнатылып, 500 ағаш көшеті отырғызылады. Парктіӊ дәл ортасында Қазақстан халықтары бірлігініӊ символы ретінде "Нұрлы Жол" монументі орнатылады. Мемлекеттік тудыӊ түсімен боялған монумент, шаӊырақ пен қалықтап ұшқан қыранныӊ биіктігі 22 метрді құрайды. Парк жанынан 10 көп қабатты тұрғын үй салынатын болады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов құрылыс жұмыстарымен таныса келе, өзініӊ он бағасын берді.

"Бізде керемет жаӊа парк ашылатын болады. Оныӊ артында 10 көп қабатты тұрғын үй салынады. Осы арқылы біз бұған дейін айтылған Сәтпаев даӊғылы бойында тұрғын үйлермен қатар мәдени нысандарыныӊ құрылысын бастауды жүзеге асырып отырмыз. Сонда ғана тұрғындар үшін барлық жағдай жасалып, жайлы өмір сүрулеріне болады. Бұл қала адам үшін ұғымыныӊ негізгі түйіні болмақ. Мемлекетіміздіӊ болашағын кескіндейтін жаӊа жоба құрылысыныӊ басталуына қуаныштымын", - деді Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта "Нұрлы Жол" паркініӊ аумағында байланыс пен қатынас желілері орнатылып, бетон жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоба авторы Сәрсен Сейітовтыӊ айтуынша бұл бірегей жоба. Ол адамдар барынша баға беретініне сенім білдіреді. Парк 2017 жылдыӊ маусым айында ашылады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны