02.07.2008, 10:34 1357

Өскеменде тасымалдаушылар келісімшарт міндеттемелерін бұза отырып, жолақыны 60 теңгеге дейін қымбаттатып жіберді

Өскеменде тасымалдаушылар келісімшарт міндеттемелерін бұза отырып, жолақыны 60 теңгеге дейін қымбаттатып жіберді

Өскемен. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде тасымалдаушылар келісімшарт міндеттемелерін бұза отырып, жолақыны 60 теңгеге қымбаттатып жіберді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"28 маусымда "VoSca" ЖШС мен "Таксопарк" ЖШС басқа Өскеменнің қоғамдық көліктерге қызмет көрсететін тасымалдаушылар көлік және жолаушылар тасымалы басқармасымен жасалған келісімшарттық міндеттемелірін бұза отырып, жолақы тарифін бір жақты 60 теңгеге дейін қымбаттатты", - деп хабарлады әкімдік. "Бұл әрекет тек келісімшарт міндеттемелеріне қарсы келіп қана қоймай, қаладағы әлеуметтік шиеленісті де арттырып отыр. Оған байланысты кәсіпорын басшылары өздеріне есеп беруге тиісті", - деп толықтырды әкімдік өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны