09.10.2007, 13:06 2521

Өскеменде жеке меншік үш наубайхана өз жұмыстарын тоқтатты

Өскеменде жеке меншік үш наубайхана өз жұмыстарын тоқтатты


Өскемен. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде жеке меншік үш наубайхана өз жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының шағын және орташа бизнес жұмысшылары кәсіподағының төрайымы Галина Казанцева хабарлады.

Кәсіподақ төрайымының хабарлауынша, "Лошак", "Бредихина" және "Акентьева" жеке кәсіпкерлігі наубайқаналары өз жұмыстарын тоқтатқан. "Олар бұл нарықта 5 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеген кәсіпкерлер",- деп атап өтті Галина Казанцева.

Оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта бұл наубайханалардың иелері салық есебінен шығып, өз мүліктерін сатуда. "Тағы төртінші жеке кәсіпкер бар, ол да өз жұмысын тоқтатпақ ниетте екендігін хабарлады, бірақ оның тағдыры әлі белгісіз. Мұндай қиын-қыстау кезде Зыряновск мен Серебрянскнің кейбір наубайқаналары ғана қалды",- деп қосты ол.

"Олар "(нан өндірушілер - агенттік ескертп.) мұндай жағдайда жұмыс істей алмайды. Бағаны әкімшілік шаралармен ұстап тұру жақсылыққа соқтырмайды",- деп атап көрсетті Галина Казанцева.

Оның айтуынша, "билік өкілдері жеке кәсіпкерлердің нан бағасын көтеруіне мүмкіндік бермей, бақылаушы органдарды тартты, олар өз тараптарынан қысым көрсеткен". "Кәсіпорындардың жұмысы үшін экономикалық қолдау керек, ал шағын бизнес мұндай жағдайда жұмыс істей алмайды",- деп түсіндірді Галина Казанцева.

"Нан бағасын өздері белгілеген жеке меншік наубайханалар асыра пайда көрді, деген мәлімдеме жалған",- деді кәсіподақ төрайымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны