26.05.2010, 12:39 3079

Өскемендегі білім ошақтарының бірінде мереке соңы жанжалға ұласты - телеарна

Өскемендегі білім ошақтарының бірінде мереке соңы жанжалға ұласты - телеарна

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Өскемендегі білім ошақтарының бірінде мереке соңы жанжалға ұласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ата-аналар мектеп ғимаратына Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының көшіп келуіне наразылықты дәл осы күні білдіргенді жөн көргендей. Шенеуніктер бұрын институт орналасқан ғимаратты балабақшаға қайтарып, ұстаздарды мектептің үшінші қабатына орналастыру жөнінде шешім шығарған.

Дарынды балаларға арналған "Восток" мектебінің ата-аналары үшін соңғы қоңырау мерекесі көңілсіз аяқталды. Енді бұдан былай мектеп ғимаратында тек оқушылар ғана емес, үлкендер де дәріс алмақ. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру институты өздері отырған балабақша ғимаратын босатуы тиіс болғандықтан осы мектептің 3-қабатына орналасады. Ата-аналар бұған түбегейлі қарсы",- делінген телесюжетте.

"Ешкім түсіндірген жоқ. Шенеуніктер бізге хабарлап, келісімімізді де алған жоқ. Мектепті тартып алғандай болды", дейді ата-ана Татьяна Дрепина.

Ата-аналар мектепке Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының көшіп келуі - санитарлық нормалардың бұзылуына, тіпті оқушылар құқығына нұқсан келтіреді деп есептейді. Сондай-ақ олар: "Жүздеген ересек адам жүрген ғимаратта балалардың қауіпсіздігі үшін бізге ешкім кепіл бере алмайды, - дейді.

"Ол адамдардың кім екенін қайдан білеміз?! Бәлкім олардың арасында қылмыскерлер жасырынады, небір адамдар бар ғой. Бұл жерде күзет болмаса, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін кім жауап береді?",- деді ата-ана Каменева Ирина.

Ал облыстық шенеуніктердің мәлімдеуінше, бұрын балабақша саналған қаладағы 8 нысан мектепке дейінгі мекемелердің санатына қайтарылуы тиіс.

ШҚО Білім департаменті бастығының орынбасары Думанғазы Арғынғазин: "Мәжбүр болып отырмыз."Балапан" бағдарламасын орындау үшін қаладағы, облыс орталығындағы балабақша тапшылығы осыған тіреп отыр".

Икімдіктегілердің айтуынша, "Кезінде жеке кәсіпкерлердің қолына өтіп кеткен нысандарды кері қайтару үшін ондаған миллион тенге қажет", - дейді. Сондықтан олар бұрынғы балабақша ғимараттарына қоныстанған мемлекеттік мекемелерді осылайша көшіруге мәжбүр екенін айтып ақталуда, делінген КТК сюжетінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны