30.04.2008, 10:10 3481

Өткен аптада депутаттар тұратын "Нұрсая" тұрғын үй кешенінде қайтыс болған жігіт Қазақстанның арнайы қызмет қызметкерінің ұлы болып шықты

Өткен аптада депутаттар тұратын "Нұрсая" тұрғын үй кешенінде қайтыс болған жігіт Қазақстанның арнайы қызмет қызметкерінің ұлы болып шықты

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жаңалықтан хабардар ақпарат көздерінен белгілі болғанындай өткен аптада депутаттар тұратын "Нұрсая" тұрғын үй кешенінде қайтыс болған жігіт Қазақстанның арнайы қызмет қызметкерінің ұлы болып шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше Астанада осыған байланысты баспасөз мәслихаты өткен. Онда Астана қалалық ІІД крминалдық полиция басқармасының бастығы Жанат Битенов қылмыстың бұзақылық ниеттен туындағанын мәлімдеген.

"Оқиға кенеттен өрбіп, Саберлинов осы үйдің ауласында болған және бұзақылық әрекеттерінен осындай адуын қылмыс жасаған. Бар болғаны екі көлік бір-біріне жол бермеген. Бұл таза бұзақылық ниеттен туындаған", - деді Ж. Битенов.

Бұл ретте ол О. Саберлиновтың кінәсі толығымен дәлелденгенін атап өтті. "Қазіргі уақытта оны іздеп табу және тұтқындау бойынша барлық шаралар жасалуда. Өз еркімен айыбын мойындап келуі оның кінәсін жеңілдететін жағдай болатынын және оның сотта оқылатынын ескеруі керек", - деп ескертті полиция қызметкері.

Ж. Битеновтың тілшілерге түсіндіруінше, жәбірленуші - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінің үшінші курс студенті. Ал күдікті болса, Астана қаласындағы құрылыс компанияларының бірінде жеке кәсіпкер болып жұмыс істейді", - деді ІІД КПБ бастығы.

"Нұрсая" кешенінде жәбірленушінің досы тұрады. Жәбірленуші оны өз көлігімен жеткізіп салған. Ал Саберлиновтың болса осы үйде туысқаны тұрған және ол өзінің қызын сол жерден алып кетіп бара жатқан", - деген ақпарат ұсынды Ж. Битенов.

Оның айтуынша, күдікті оқиға орнынан ізін суытқан. Ал оның көлігі Заречный ауылынан табылған. "Қазіргі уақытта ол көлік тәркіленген. Ол қылмыс жасағаннан кейін тура Заречный ауылына барып, танысына көлігін қалдырған және меніңше, таксимен қашып кеткен", - деді полиция қызметкері.

ІІД КПБ бастығының хабарлауынша, полиция қызметкерлерінде қылмысты нақ О. Саберлинов жасады дегенге айғақтар жетеді. "Оны 10 адам көрген. Бұл кешкі сағат 21.40-та болған. Барлық куәлар қазіргі уақытта сұралған. Ол баламен болған. Бала да оқиғаны өз көзімен көрген", - деп хабарлады Ж. Битенов.

"Оған дейін олардың арасында жолға байланысты дау туындаған. Сосын жас жігіттер аулаға кірген. О. Саберлинов көлігін қойып, жәбірленуші көліктерінен шығып болғанша жетіп келіп осы қылмысты жасаған. Куәгерлер оның қолынан балта көргендерін айтуда", - деп толықтырды ІІД криминалдық полиция басқармасының өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны