16.10.2015, 12:45 3935

Өткен тәулік ішінде жоғарыда аталған отрядтардыӊ әскери қызметшілері еліміздіӊ көші-қон заӊдылығын бұзған 130 Өзбекстан азаматын ұстады.

Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Қызылорда, Сарыағаш, Жетісай шекара отрядтарыныӊ әскери қызметшілері "Нелегал-2015" арнайы шекаралық іс-шарасына белсенділікпен қатысуда

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Қызылорда, Сарыағаш, Жетісай шекара отрядтарыныӊ әскери қызметшілері "Нелегал-2015" арнайы шекаралық іс-шарасына белсенділікпен қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен тәулік ішінде жоғарыда аталған отрядтардыӊ әскери қызметшілері еліміздіӊ көші-қон заӊдылығын бұзған 130 Өзбекстан азаматын ұстады.

Оныӊ ішінде, рейд барысында "Капланбек авто" бақылау-өткізу бекетінде бірден 52 Өзбекстан азаматы ұсталды. Тексере келгенде барлығыныӊ құжаттарында көші-қон полициясыныӊ тіркемесі болмай шықты. Ирі біздіӊ елдегі болу мерзімі заӊсыз түрде 60 күнге дейін созылып кеткен.

Осы тектес іс-шара "Жибек жолы - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ маӊайында орын алды. Мұндағы тексеру кезінде 12 өзбек азаматыныӊ құжаттарында жоғарыдағыдай заӊ бұзушылық кездесіп, сонымен бірге 90 күн бойы елімізден шықпай жүріп алғандығы анықталды.

Шекараныӊ басқа аймақтарында ұсталғандардыӊ елде болу мерзімі 1-3 тәулікке асып кеткендігі анықталды.

Ұсталғандардыӊ барлығы ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 517-бабы бойынша жауапқа тартылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны