08.05.2012, 10:54 3114

Өткен жылу беру маусымында мыңға жуық апаттық жағдай тіркелді

"7 мамырдағы жағдай бойынша 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы барша өңірлерде аяқталды. Үкіметтің тапсырмасы бойынша жылу беру маусымы барысында агенттік жанында аталған шараға тұрақты мониторинг жүргізу үшін диспетчерлік орталық жұмыс істеді. Жалпы, жылу беру маусымы қанағаттанарлық деңгейде өтті", - деді С. Нокин.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Өткен жылу беру маусымында мыңға жуық апаттық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Құрылыс істері және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

"7 мамырдағы жағдай бойынша 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы барша өңірлерде аяқталды. Үкіметтің тапсырмасы бойынша жылу беру маусымы барысында агенттік жанында аталған шараға тұрақты мониторинг жүргізу үшін диспетчерлік орталық жұмыс істеді. Жалпы, жылу беру маусымы қанағаттанарлық деңгейде өтті", - деді С. Нокин.

Оның сөзіне қарағанда, 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы барысында диспетчерлік орталық жүйелері мен коммуналдық шаруашылық нысандарында 976 апаттық жағдайды тіркеді. Оның ішінде 62-сі жылумен қамтамасыз ету, 852-сі сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінде орын алды. Ал, бұдан бөлек 62 жағдай қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты болды.

"Апаттық жағдайлар барынша қысқа мерзімде жойылып отырды. Сараптамаға қарағанда, апаттардың көпшілігі инженерлік жүйелердің тозуынан орын алып отырды", - деді агенттік басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны