24.01.2011, 14:35 5888

Өз баласын өлімші етіп сабаған ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Өз баласын өлімші етіп сабаған ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Өз баласын өлімші етіп сабаған ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергеновқа сілтеме жасай отырып.

С. Төлепбергеновтың хабарлауынша, "оны 19-қаңтар күні ҚР ҚК 103 бабының 3-тармағы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шыққан". Сот шығарған үкімге сәйкес баласын өлімші етіп соққыға жығып, алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмған баланың анасы жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтейтін болады.

Естіріңізге сала кетсек, 9-желтоқсан күні Қазғұрт ауданының ауруханасына 2006 жылы дүниеге келген бала жеткізілген болатын. Ол бір тәуліктен кейін ауруханада көз жұмған болатын. Белгілі болғандай, 1984 жылы дүниеге келген әйел баласының тентектігі үшін оны соққыға жыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны