13.05.2008, 14:30 1541

Өзбекстан Оңтүстік Кореяға 2600 тонна уран сатады

Өзбекстан Оңтүстік Кореяға 2600 тонна уран сатады

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан Оңтүстік Кореяға 2600 тонна уран сатады. Мұндай келісім Корея Республикасының премьер-министрі Хан Сын Судың Өзбекстанға сапары кезінде жасалды, деп хабарлайды агенттік CA-News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан үкіметі Оңтүстік Корея үшін аса маңызды шикізат - уран сатуға келісті. Келісім 2010 - 2016 жылдарға есептелген. Жеткізілім құны $400 млн тең.

Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік мәліметінше, Өзбекстан уран қоры бойынша әлемде жетінші орында, оны өндіру жағынан - бесінше орында. Елдегі уран қоры 55 - 80 мың тоннаны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны