30.10.2018, 14:40 5749

Өзбекстан Республикасымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Анықтама ретінде: биылғы жылы Өзбекстан БҰҰ-ныӊ "электрондық үкіметті" дамыту индексінде (E-Government Development Index) 20 жолға көтеріліп, әлемде 80-інші орынға ие.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Өзбекстан Республикасымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және келісімге қол қойды.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен қолдау жөніндегі бірыӊғай интегратор - UZINFOCOM-мен меморандум жасалды, Өзбекстан Республикасыныӊ "Электрондық үкімет" жүйесін дамыту орталығымен келісімге қол қойылды.

Меморандум шеӊберінде тараптар ынтымақтастықтыӊ төменде аталған бағыттары бойынша келісімге келді:

- АКТ саласында бірлескен форумдар, "дөӊгелек үстелдер", семинарлар мен тұсаукесерлер, кездесулер мен келіссөздер ұйымдастыру және өткізу;

- консультациялық жұмыстар жүргізу;

- инвестициялық жобаларды құру мен дамыту;

- "электрондық үкіметтіӊ" ақпараттық жүйелерін құру, сүйемелдеу мен дамыту;

- мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелері, сондай-ақ бизнес өкілдерімен мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелері арасында интеграциялар жүргізу;

- АКТ саласында ақпаратпен және тәжірибемен алмасу;

- АТ сервистерін басқарудыӊ бизнес-процестерін құру саласындаақпаратпен және тәжірибемен алмасу;

Құжаттарға қол қою Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары А. Жұмағалиев пен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары А. Раматовтыӊ "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы және Өзбекстанныӊ цифрлық трансформациялау бағдарламасы шеӊберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі шеӊберінде болғанын хабарлаймыз.

23 қазақстандық компания Өзбекстан Республикасыныӊ мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдерін "электрондық үкімет", денсаулық сақтау, білім, көлік, қауіпсіздік және басқа салаларға арналған 60 АТ-шешіммен таныстырды.

АТ-компаниялармен бірге қазақстандық тарап құрамындағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ және басқа ұйымдардыӊ өкілдері кездесуге қатысты.

Анықтама ретінде: биылғы жылы Өзбекстан БҰҰ-ныӊ "электрондық үкіметті" дамыту индексінде (E-Government Development Index) 20 жолға көтеріліп, әлемде 80-інші орынға ие.

**** *

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ - "электронды үкіметтіӊ" инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардыӊ бірыӊғай көлік жүйесініӊ операторы, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетеді, мемлекеттік деректер базасындағы ақпараттыӊ қауіпсіздігіне жауап береді ("Заӊды тұлға", "Жеке тұлға", "Мекенжай регистрі", "Жылжымайтын мүлік регистрі", "Е-лицензиялау", "Е-техбайқау"). Беткеұстар бағыттарбұл - "Электронды үкімет" (egov.kz) және "Ашық үкімет" (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы,телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыӊғай байланыс орталығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны