27.01.2010, 14:55 4036

Өзбекстан үкіметінің өкілеттілігі аяқталды

Өзбекстан үкіметінің өкілеттілігі аяқталды

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Өзбекстан үкіметі бүгін жаңадан сайланған парламенттің алдында өз өкілеттілігін аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан парламентінің қос палатасының бірлескен отырысы барысында төменгі палатаның төрағасы Дилором Ташмухамедованың хабарлағанындай, "Өзбекстан үкімет басшысы Шавкат Мирзияев жаңадан сайланған парламенттің алдында министрлер кабинеті өз өкілеттілігін тоқтататыны туралы олий мажлиске (парламент) өтініш берді".

Д. Ташмухамедованың хабарлауынша, олий мажлис өтінішті қанағаттандырып, үкіметтен жаңа үкіметтің құрамы жасақталғанға дейін өз өкілеттіліктерін атқара беруді сұрады.

Ал Өзбекстан президенті Ислам Каримов бүгін Ш. Мирзияевтың кандидатурасын Өзбекстан үкімет басшысы лауазымына ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны