07.03.2008, 16:28 3141

Өзбекстанда бірқатар ұялы компанияларға қатысты қылмыстық істер қозғалды

Өзбекстанда бірқатар ұялы компанияларға қатысты қылмыстық істер қозғалды

Алматы. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанда бірқатар ұялы байланыс компанияларға қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды агенттік Press-uz.info ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Өзбек ақпараттық агенттігі хабарлағанындай, Өзбекстан Республикасының кәсіпкерлік , бәсекелестікті қолдау және демонополизация жөніндегі мемлекеттік комитетінің Ташкент қаласындағы территориалдық басқармасы COSCOM, Rubicon Wireless Communication (Perfectum mobile) и Unitel (Beeline) ұялы компаниялардың жарнамалық қызметінің "Жарнама жөнінде" заңнамасы талаптарына сай келмейтіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істерді қозғады.

"Алдын ала тексерулер бойынша ұялы байланыс қызметінің тарифтеріне жарнама жасау кезінде негізсіз, құжатсыз "чемпион" "жетекші" сияқты асыра айтылған сөздер қолданылған", - деп хабарлайды мемлекеттік демонополизация комитетінің баспасөз қызметі.

Press-uz.info ақпараты бойынша Өзбекстанның мемлекеттік демонополизация комитеті қолданылып отырған заңнама талаптарына сәйкес жарнама нақты , шынайы және заңды болуы керек деп атап өткен. Екі мағыналы, асыра сілтеушілік, заңда көрсетілген талаптар бойынша уақыт, орын,тарату түрлері сақталмай жарнама тұтынушыларын алдап, оларға моральдық зиян мен шығын келтіретін болса, онда ол заңсыз жарнама деп есептелінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны