17.10.2018, 18:19 3973

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасыныӊ елшісі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікті ретінде ұсталды

Оныӊ заӊсыз әрекеттері салдарынан шығын көлемі 140 млн. теӊгеден асқан.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Өзбекстандағы Қазақстан Республикасыныӊ елшісі бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Өзбекстандағы Қазақстан Республикасыныӊ елшісін әшкереледі.

Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігініӊ әкімшілік ғимаратыныӊ құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы көрінеу жалған актілерге қол қойды деп күдіктелуде.

Оныӊ заӊсыз әрекеттері салдарынан шығын көлемі 140 млн. теӊгеден асқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны