02.06.2008, 14:46 2487

Өздерінің аты-жөнін жарияламауды сұраған қайырымдылық көрсетушілер жеті жасар қыздың банкке берешегін өтеу үшін агенттікке қаржы тапсырды

Өздерінің аты-жөнін жарияламауды сұраған қайырымдылық көрсетушілер жеті жасар қыздың банкке берешегін өтеу үшін агенттікке қаржы тапсырды

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өздерінің аты-жөнін жарияламауды сұраған қайырымдылық көрсетушілер 7 жасар қыз баланың қарызын өтеу үшін агенттікке қаржы тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қайырымдылық көрсетушілер соттың "Қазақстан халық банкі" АҚ-ынан анасы алған 500 мың теңге мөлшеріндегі несиені 7 жасар жетім қызға төлеуді міндеттегені туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінде шыққан ақпаратқа назар аударды. Бүгін олар берешекті толық мөлшерде өтеп, қыз баланың қамқоршысының есепшотына ақшаны аудару мақсатында агенттікке қаржы тапсырды.

"Қазақстан Бүгін" агенттігі бүгін таңертең "Халық Банкіне" хабарласып, банк алдындағы қарызды тездете өтеу үшін көмек көрсетуді сұрады. Соған қарамастан банк қызметкерлері клиентке қатысты мағлұматтар құпия ақпарат деп бұл мәселені шұғыл түрде шешуден бас тартты.

"Қазақстан Бүгін" қарызды мерзімінен бұрын өтеу үшін жетім қалған қыздың есепшотына тікелей ақша аудармақшы.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қостанай облысының Арқалық қаласының соты 7 жасар қызға анасы алған 500 мың теңге мөлшерінде несиені банкке төлеуге міндеттеген болатын.

"Қыздың анасы Халық банкінен жарты миллион теңге несие алған. Бірнеше айдың көлемінде қарызын жақсы жауып тұрған. Алайда кенеттен қайтыс болған. Банк 7 жастағы қызына мұрагерлік жолымен анасы алған қарызды төлеу талабымен Арқалық қалалық сотына шағымданған", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі

Өздерінің аты-жөнін атамай жетім қызға қол ұшып беріп, қайырымдылық көрсеткен тұлғаларға агенттік ризашылығын білдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны