28.06.2010, 17:37 2606

Пәкістанда медициналық лицензия алуға емтихан тапсырған Қазақстанның медициналық жоғарғы оқу орындарының 69 түлегінің небәрі бесеуі ғана сыннан өткен

Пәкістанда жұмыс істегісі келетін шетелдік білімі бар әрбір дәрігер міндетті түрде медициналық практикадан өту үшін лицензия алуға емтихан тапсыруға тиіс.

Алматы. 28-маусым. Kazakhstan Today Пәкістанда медициналық лицензия алуға емтихан тапсыруға барған 15 елдің медициналық мекемелерінің 507 түлегінің небәрі 18 ғана сыннан өткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі пәкістандық DailyTimes баспасына сілтеме жасай отырып.

Пәкістанда жұмыс істегісі келетін шетелдік білімі бар әрбір дәрігер міндетті түрде медициналық практикадан өту үшін лицензия алуға емтихан тапсыруға тиіс. Мұны екі жылда бір рет Ұлттық аттестациялық комиссиясы ұйымдастырады. Соңғы емтиханның нәтижесін Ұлттық аттестациялық комиссиясы жұма күні өткен баспасөз мәслихатында жария етті.

Ұлттық аттестациялық комиссиясының хабарлауынша, емтихан тапсырудың жалпы пайыздық мөлшері 3,5 пайызды құраған. Қытайдың ЖОО 207 түлегінің небәрі алтауы ғана сыннан өткен, Қырғызстаннан келген 110 түлектің үшеуі, Қазақстаннан барған 69 түлектің бесеуі, Бангладештен барған төрт үміткердің екеуі, Литвия мен Кениядан барған бір бір түлек емтиханнан сүрінбей өткен. Ауғанстан, Иран, Ресей, Дамаска, Доминиканс Республикасы, Филиппин, Румыния, Грузия және Украинадан келген үміткерлердің бір де біреуі емтиханнан өте алмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны