10.04.2015, 22:24 4784

Парадқа қатысушыларға арнап салтанатты және жауынгерлік жаӊа киім үлгілері тігілуде

Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған парадқа қатысушы ҚР ҚК әскери қызметшілерін салтанатты және жауынгерлік жаӊакиім үлгілерімен қамтамасыз етпек

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған парадқа қатысушы ҚР ҚК әскери қызметшілерін салтанатты және жауынгерлік жаӊакиім үлгілерімен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі кезде киім үлгілерін тігу жұмыстары ұйымдастырылған. Барлық киім үлгілерітаӊдалып, әр әскери қызметшіге жеке арналып тігіледі. Осыған байланысты ҚР ҚК әр әскер түрлері, тектері мен басқа бөлімшелерініӊ әскери қызметшісі үшін киім өлшеуге уақыт бөлінген. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери киім үлгісі техникалық (үлгідегі) сипаттамасына қарай тігіледі. Ир үлгіге арнап нақты бір жинақ келтірілген. Сонымен қатар әскери қызметші қыз-келіншектердіӊ салтанатты киім үлгісі ерекше назарда болып отыр. Салтанатты киім үлгілеріндегі түстер үйлесімділігі, мысалы қалпақ, мундир және көгілдір түсті белдемше, ақ түсті көйлек пен етік, парад белбеуі және алтын түстес аксельбант Қарулы Күштердіӊ әсем өкілдерініӊ нәзіктігі мен әдемілігін айқындай түседі.

Естеріӊізге сала кетсек, біздіӊ қазіргі армиямыз 2011 жылы киім үлгілерін өзгерткен болатын. Аталған өзгертулерден кейін киім үлгілерінде тігуге арналған маталарына қатысты азғана жөндеулерден басқа өзгертулер болған жоқ. Бұл киім үлгілері ыӊғайлы және жинақылығымен ерекшеленіп қана қоймай, тез тозбайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны