03.12.2010, 13:44 4094

Патриарх Кириллдің ғарышқа ұшқысы келеді - Роскосмос басшысы

Патриарх Кириллдің ғарышқа ұшқысы келеді - Роскосмос басшысы

Алматы. 2 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Орыстың Православиялық Шіркеуінің Патриархы Кирилл ғарышқа ұшқысы келеді. Бұл туралы Роскосмос басшысы Анатолий Перминов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Вести.Ru" ақпараттар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Патриарх Кириллдің ғарышқа ұшқысы келеді. Орыстың Православиялық Шіркеуінің Патриархы мұндай мүмкіндікті қуана-қауана қабыл алатындығы туралы Роскосмос басшысы Анатолий Перминов хабарлады. Сәрсенбі күні желтоқсан айында ХҒС аттанатын ғарышкерлермен дәстүрлі кездесу өткізген ол қоғамға белгісіз құпияларымен бөліскен. Оның айтуынша, Патриарх кезінде "МиГ" ұшағында 19 жаттығу өткізіпті", деп хабарлайды "Вести".

Сондай-ақ, А. Перминовтың айтуынша, Кирилл ғарышкерлерді дайындайтын жаттығу орталығына үлкен қызығушылық танытқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны