21.07.2008, 17:14 2676

Павлодар әуежайында Германия азаматы көне кітаптарды Қазақстан аумағынан алып шығуға әрекет жасау барысында ұсталды

Павлодар әуежайында Германия азаматы көне кітаптарды Қазақстан аумағынан алып шығуға әрекет жасау барысында ұсталды

Павлодар. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар әуежайында "Сұңқар" кеден бекеті аумағында Германия азаматы көне кітаптарды Қазақстан аумағынан алып шығуға әрекет жасау барысында ұсталды. Бұл туралы өңірлік кедендік бақылау департаментінің контрабанда жөніндегі басқармасының анықтау бөлімінің бас маманы Нұрлан Қиқанов хабарлады.

48 жастағы Германия азаматы Мәскеуге бет алған.

Бұрынғы Павлодар тұрғыны бұл көне кітаптардың әкесінен мұраға қалғанын айтқан.

"Преображенский богаделенный дом" баспасы шығарған "Сказание от священных правил и от учителей церковных, яко не подобает к еретикам и схизматикам приобщения имети в молитвословии, в ядении, в питии и любви..." атты кітап пен Почаев баспасы шығарған "Молитвослов и месяцеслов" атты кітаптар қазір сараптамадан өтуде. Екі басылым да көне славян тілінде кирилл шрифтісімен жазылып, 1906 жылы жарық көрген.

"Республиканың ұлттық кітапханасының тәуелсіз сараптама қорытындысына сәйкес, бұл басылымдар шағын таралыммен жарық көрген тарихи-мәдени құндылықтарға жатады. Кітаптардың ең жоғары құны 900 000 теңгеге тең. Заң бойынша мұндай кітаптарды елден шығаруға тыйым салынған", -деді Н. Қиқанов.

Контрабандалық әрекеті үшін шетел азаматының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Кеденшілердің айтуынша, ол айыппұл төлеуге тиіс. Кедендік бақылау департаментінің хабарлауынша, егер кітаптың құны 1000 АЕК-тен асса, шетел азаматы қылмыстық жауапкершілік жүктейтін еді. Соттың шешіміне дейін оған Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынды. Кітаптардың тағдырын да сот шешеді. Н. Қиқановтың айтуынша, кітаптар Потанин атындағы Павлодар облыстық өлкетану мұражайына, немесе, Благовещенск кафедралық соборына берілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны