28.07.2015, 19:05 3654

Павлодар облысы ІІД атыс қаруы бойынша чемпионат өткізілді

Павлодар облысы Ішкі істер департаментінде Ұлы Отан соғысындағы жеӊістіӊ 70 жылдығына және "Динамо" ДСҚ құрылуыныӊ 90 жылдығына арналған атыс қаруы бойынша ҚР ІІМ және "Динамо" ДСҚ чемпионаты өткізілді

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - Павлодар облысы Ішкі істер департаментінде Ұлы Отан соғысындағы жеӊістіӊ 70 жылдығына және "Динамо" ДСҚ құрылуыныӊ 90 жылдығына арналған атыс қаруы бойынша ҚР ІІМ және "Динамо" ДСҚ чемпионаты өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Чемпионатқа республикамыздыӊ аймақтарынан 17 команда қатысты, оныӊ ішінде ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ҚАЖК, ҚР МКҚБ, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ҰҚК шекара қызметініӊ құрылымдық бөлімшелері болды.

Осындай күрделі іс-шараны ұйымдастыру ерекше дайындық пен мұқият қадағалауды қажет етеді. Чемпионатты өткізу кезінде адам өмірініӊ қауіпсіздігі, барлық іс-әрекеттердіӊ қатаӊ тәртіпте ұйымдастырылуы басты мақсат.

Чемпионатты өз сөзімен Павлодар облысы Ішкі істер департаментініӊ бастығы полиция генерал-майоры М. Қожаев ашты. Ол сөзінде құқық қорғау органдарыныӊ қоғам өмірінде ерекше орын алатындығын, соған сәйкес заӊ бұзушылармен, қылмыкерлермен күрес жүргізу кезінде қарудан ата білу қажеттілігін атап өтті. Сөзініӊ соӊыӊда жарыс қатысушыларына сәттілік пен барлық мергендік қасиеттерін көрсетуді тіледі.

Сонымен қатар, "Динамо" ДСҚ бастығы Н. Князев сөз сөйледі. Ол спортшыларға осындай жарыстарда спортшыныӊ басты қасиеттері өзіне деген сенімділік, шыдамдылық, өткір көз бен мықты білек деп зейін қойды.

Чемпионатқа ер адамдармен теӊ әйел адамдар да қатысты. Нәзік жандылар бұл жарыс түрінде өздерініӊ қызметіне сәйкес екендігін дәлелдеді.

Чемпионатта жарысқа қатысушылар нағыз әскери-дала асымен тамақтандырылды.

Жарыстыӊ қорытындылары бойынша келесі жеӊімпаздар анықталды:

ҚР ІІМ Чемпионатыныӊ жалпы командалық есебінде 1 орынға Павлодар облысы ІІД ие болды, 2 орынға Алматы облысы ІІД, 3 орынды Жамбыл облысы ІІД командасы иеленді.

Жеке біріншілікте түрлі санаттарда үздік нәтижелерді Н. Ткаченко (Алматы облысы ІІД), Н. Бойко (ОҚО ІІД) көрсетті.

Ер адамдар арасында үздік болып Е. Насипбаев (Алматы облысы ІІД), А. Берекетов (Павлодар облысы ІІД), В. Майкенов (Павлодар облысы ІІД), Е. Папанов (Павлодар облысы ІІД), Е. Жанибеков (Жамбыл облысы ІІД) анықталды.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ "Динамо" ДСҚ чемпионатыныӊ жеӊімпаздары анықталды. 1 орынға ҚР ІІМ командасы, 2 орынға ҚР ІІМ МКҚБ командасы, 3 орынға ҚР ҰҚК шекара зықметініӊ командасы ие болды.

Осы санатта жеке біріншілікте ер адамдар арасында 1 орынға Е. Насипбаев (ҚР ІІМ), Е. Жанспеисов (ҚР ІІМ), 2 орынға Е. Жанспеисов (ҚР ІІМ), А. Жолдыбаев (ҚР ҰҚК шекара қызметі) және 3 орынға Г. Калекеев (ҚР ІІМ МКҚБ) ие болды.

Нәзік жандылар ішінде 1 орынға А. Жаминова (ҚР ІІМ), 2 орынға С. Мурунова (ҚР ІІМ МКҚБ), 3 орынға А. Алина (ҚР ҰҚК) ие болды.

Чемпионаттыӊ жеӊімпаздары кубоктермен, медальдермен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Павлодар облысы ІІД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны