16.02.2010, 17:34 3127

Павлодар облысында 12 миллион теңге ақшаны тонаған екі әйелді соттау процессі басталды - телеарна

Павлодар облысында 12 миллион теңге ақшаны тонаған екі әйелді соттау процессі басталды - телеарна

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 12 миллион теңге ақшаны тонаған екі әйелді соттау процессі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

КТК сюжетіне сәйкес, "Павлодар облысында Альянс банктің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты шулы сот процессі басталды. Оларға банктің "Баянауыл ауданындағы бөлімшесін тонады" деген айып тағылып отыр. Күдіктілердің екеуі аудандық сот пен прокуратура қызметкерлерінің жұбайы. Кейін анықталғандай, олар жеке бастарына жұмсаған 12 миллион теңге қаржыны жасыру үшін банк бөлімшесінің тоналғаны туралы ақпарат таратып, тергеушілерді жалған ізге түсірмек болған. Енді тәртіп сақшылары жоқ қылмыскерлерді іздегендері үшін олардан 5 миллион теңге талап етуде".

"Бұл атышулы оқиға осыдан тура бір жыл бұрын болған. Тергеу барысында Альянс банктің Баянауыл ауданындағы бөлімшесін қарақшылар емес, осы банктің өз қызметкерлері тонағаны анықталды. Айта кетсек, есеп бөлімі бастығы мен аудандық бөлімше кассирі - жергілікті прокуратура мен сот қызметкерлерінің жұбайы. Тергеу барысында олар бетперде киген қарақшылардың банк бөлімшесін қалай тонағандары туралы егжей-тегжейлі баяндап берген еді",- деп хабарлайды телеарна.

Телеарнаның хабарлауынша, алғашқыда банк қызметкерлерінің сөзіне көпті көрген тергеушілер сеніп қалған. "Зардап шеккендер" тіпті шабуыл жасағандардың қаруын бірден таныған".

"Кейін анықталғандай, бөлім басшысы, кассир мен менеджер кассадан алған 12 миллион теңге ақшаны өз қажеттеріне, атап айтқанда, шетелдік көліктерге, қымбат ішіктер мен алтын әшекейлерге жұмсаған. Енді полиция қызметкерлері жоқ қылмыскерлерді іздестіргені үшін олардан 5 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр",- делінген сюжетте.

Павлодар облыстық прокуратурасының қызметкері Руслан Илкенов былай дейді: "Біз осы уақыттың ішінде бірнеше жедел топ құрып, облыстың бүкіл аумағында іздестіру шараларын жүргіздік. Қылмыскерлерді анықтау мақсатында аса үлкен жұмыстар атқарылды. Осы себепті көп қаржы жұмсалды".

"Енді сот ісі Екібастұз қаласында қаралмақ. Ал әзірге Павлодардағы банктерге қатысты тағы бір жанжал шығып тұр. Құзырлы органдар "7 миллион теңгені иемденді" деген күдікпен жергілікті банк бөлімшесінің қызметкерін қамауға алды",- деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны