01.02.2007, 17:01 2972

Павлодар облысында Ертіске бір автокөлік пен мотоцикл батып кетті, құрбан болғандар жоқ

ПАВЛОДАР. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында Ертіске "Нива" көлігі пен мотоцикл батып кетті. "Құрбан болғандары жоқ", - деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық су-құтқару қызметінен.

Құтқарушылардың ақпараттарына сүйенсек, Павлодардан 40 шақырымда орналасқан Сычевка ауылының тұрғындары өзеннен өткел арқылы өтпек болған. "Біздің өтінішіміз бойынша жергілікті билік басшылары "Өткелден өтуге тыйым салынады" деген белгі іліп қойған, дегенмен ауыл тұрғындары ескертуге аса назар аудармаған, нәтижесінде көлік суға батып кетті",- деді Павлодар облысының су-құтқару қызметінің бастығы Владимир Власов.

Ол, осыдан үш жыл бұрын үш көліктің суға батып кеткенін еске сала кетті. "Ауыл тұрғындары өткел арқалы тоғайдан шабылған шөптерін тасу үшін үнемі өтеді, сондықтан да олар салынған тыйымға аса көңіл бөле бермейді",- деді В. Власов. Бірақ, соңғы болған оқиғалардан кейін тұрғындар мен жергілікті биліктің төнген қауіпке аса сақтықпен қарайды, деген үмітте.

"Аймақтағы ауарайы температурасының ауытқуының салдарынан өткелдердегі мұздың қалыңдығы 10 - 15 см дейін ғана жетіп отыр, мұздың мұндай қалыңдығы техника үшін ғана емес, адамдардың өтуіне де қауіпті",- деді су құтқарушыларының басшысы.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ертіс ауданындағы тракторшының өлімінен кейін құтқарушылар халықты Ертіс өзені арқылы өтетін барлық мұз өткелдерінің жабылуы туралы хабардар еткен болатын. "Өкінішке орай, осы жылы адам өлімінен қашып құтыла алмадық, сондықтан да біз қайғылы оқиғаның қайталануының алдын алуға шешім қабылдадық",- деді В. Власов.

Құтқарушылардың мәліметтеріне сүйенсек, осы аймақта ауыл тұрғындары 40-қа жуық қысқы өткелді пайдаланады. "Олардың барлығы да температура төмендегенге дейін қауіпті, сондықтан да біздің қызмет жұмыстың күшейтілген режиміне көшті",- деді В. Власов.

Құтқарушылар хабарлағандай, Ертіс өткелдері тек 10 градустан төмен аяз түскеннен кейін ғана ашық деп жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны