28.04.2010, 13:57 3489

Павлодар облысында есірткі тасымалдағаны үшін Қырғызстан азаматы 17 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға айдалды

Павлодар облысында есірткі тасымалдағаны үшін Қырғызстан азаматы 17 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға айдалды

Павлодар. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық арнайы мамандандырылған соты есірткі тасымалдағаны үшін Қырғызстан азаматына 17 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң тәртіптегі абақтыға айдауға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ер адам Павлодар облысындағы "Сұлу ағаш" посты арқылы Ресейдің Новосибирск қаласына есірткі алып өтуге әрекет жасаған. Арнаулы қызметтер Қырғызстан азаматынан көліктің капоты мен панелі артына мұқият жасырылған 16 орама тапты. Сараптама көрсеткендей, бұл заттың гашиш екені, салмағы 6 килограмм екені анықталды.

Розубай Рахметоллаев ҚР Қылмыстық кодексінің 250-бабы (айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 259- бабы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша сотталды.

Сот Қырғызстан азаматына 17 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң тәртіптегі абақтыға айдауға және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны