02.06.2014, 20:24 4583

Павлодар облысында Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиада өтті

Олимпиадаға Қазақстанның 10 аймағы мен Астана, Алматы, Новосибирск, Якутск (Саха Республикасы) және Монголияның 39 командасынан 195 оқушы қатысты.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Олимпиадаға Қазақстанның 10 аймағы мен Астана, Алматы, Новосибирск, Якутск (Саха Республикасы) және Монголияның 39 командасынан 195 оқушы қатысты.

2014 жылғы кешендік олимпиаданың ерекшілігі математика, физика, химия және биология пәндерімен қатар бесінші пән -информатика пәні енгізілуі, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Ең үздік командалар мен қатысушыларға дипломдар және бағалы сыйлықтар берілді. 47 оқушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды, оның ішінде І орынға - 8, ІІ орынға - 15, ІІІ орынға - 24 қатысушы ие болды. І орынға ие болған жеңімпаздарға - ноутбук, ІІ орынға - планшет, ІІІ орынға - ұялы телефон табыс етілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны