27.02.2007, 16:33 2995

Павлодар облысында көлік қозғалысы барлық бағыттар бойынша қалпына келтірілді

ПАВЛОДАР. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында көлік қозғалысы барлық бағыттар бойынша қалпына келтірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне аймақтық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

"23 ақпаннан бастап салынған тыйым бүгінгі күнде толық алынды",- деп атап өтті Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Игорь Филонов.

Ол көлік құралдарының қозғалысына салынған тыйым өткен сенбі күні кешке алынғанын еске сала кетті. "Біз сенбіде тек Қарағанды мен Астана аймақтарын жалғайтын жолдардан басқа барлық бағыттар бойынша көлік қозғалысына рұқсат бергенбіз. Күн райы бұл облыстарға баратын жол қозғалысын ашуға мүмкінді бермеді", - деді Игорь Филонов.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарының пікірінше, жедел әрекет ету қызметі өздеріне жүктелген міндетті өте жақсы атқарды. "Қазақкөлікжолы" РМК Павлодар облыстық бөлімінің қызметкерлері, менімше, аз уақыт ішінде қардың рекордтық көлемін жақсы игере білді, сондай-ақ, жол тазалау жұмыстарына заманауи техникалардың тартылуының арқасынада бүгінде Павлодар облысындағы жолдардың жағдайы жақсы",- деп атап өтті ол. "Біз аймақтағы жолдарды бір аптаның ішінде екі рет жаптық, бізге ауа райы екі қуатты циклонды "сыйға" тартты, дегенмен барлық қызмет жұмыстарының нақты үйлестірілуі біздің көршілерімізде болған көптеген оқиғалардан сақтап қалды",- деді Игорь Филонов.

Бүгінде Павлодардағы сынап бағанасы 20 градус суықты көрсетіп тұр. "Мұндай температура режимі көктем басталғанға дейін, әлі де бірнеше күнге созылады",- деді Павлодар облысының гидрометеорология орталығындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны